Ресей

Батыс елдерінен 300-ге жуық ресейлік дипломат қуылды

Экспресс К

Embassy of Russia in Denmark/facebook

Украинадағы соғыс басталғалы бері Батыс елдеріндегі ресейлік дипломаттар да қуғынға ұшырай бастады.

РИА Новости мәліметінше, бір айдан сәл астам уақыт ішінде 300-ге жуық ресейлік дипломат елдеріне қайтарылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Мәселен, 5 сәуір күні Испания 25, Италия 30, Дания 15 және Швеция 3 елшілік қызметкерін өз елдерінен шығарды. Ал 4 сәуірде Франция 30-ға жуық, Германия 40 ресейлік дипломатты РФ тарапына аттандырған.

Литва мен Латвия Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас деңгейін төмендетіп, Мәскеуден елшілерді шақырып алудан тыс, Ресей елшілері Рига мен Вильнюс аумақтарынан кету керек деп санап отыр.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров