Өрт
Павлодар облысында 300 гектар орман алқабы өртеніп жатыр


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт шықты.
Орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранды , деп хабарлайды Экспресс К Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің орын алғаны анықталған уақыт — 12: 35. Қызыл жалынмен күрестің басталуы — 13:03, оқшаулау сағат 17: 33 кезінде мүмкін болды.
Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған,
Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеді. Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.
Бөлісу