Терроризм
Талдықорғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Талдықорған қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық жедел штабы "Батыл Тойтарыс-2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.
Оқу-жаттығу 6 сәуірде сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы орган күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оның жолын кесу.
Түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа тартылған адамдар мен арнайы техниканың едәуір бөлігі қатыстырылады.
Осыған байланысты Медеу көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі.
Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз,
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.
Бөлісу