Кісі өлімі

Түркістан облысында зейнеткерді өртеп жіберген

Экспресс К

Рixabay

23 наурыз күні Сайрам аудандық полиция бөліміне күйік шалған қарт әйелдің жеткізілгені туралы ауруханадан хабарлама түскен.

Түркістан облыстық полиция депортапментінің мәліметінше, оқиға екі ер адамның арасында жанжалдан басталған, деп хабарлайды Экспресс К.

"Тексеру барысында Сайрам ауданында ауылдас 2 ер адамның арасында жанжал болғаны анықталды. Олардың бірі екіншісін ұрған, осыдан кейін, соңғысы мас күйінде өзіне қол жұмсаған тұрғынның үйіне келіп, терезесін сындырған. Орын алған жанжал кезінде, үйден шыққан жәбірленушіге мас тұрғын жанармай шашып, өртеп жіберген", — деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция депортаменті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өзара жанжалдасқан Сайрам ауданының 2 тұрғынын да ұстады. Бірінші тұрғынға қатысты ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша іс қозғалып, сот шешімімен кепілмен босатылған.

Ал екінші тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша іс қозғалып, сол мезетте қамауға алынды. Аталған жайтқа қатысты сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда,

— делінген хабарламада.

Жалпы оқиға тұрмыстық негізде болған. Ауыл тұрғындарымен полиция, прокуратура, жергілікті атқарушы орган өкілдері кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров