Роман Абрамович

Челсиден айырылған Абрамович Түркия клубын сатып алатын болды

Экспресс К

©АР/ Kirsty WIGGLESWORTH

Ресейлік миллиардер Роман Абрамович Түркияның "Гозтепе" клубының басшылығымен команданы сатып алу туралы келісімге келген.

Haberler порталының мәліметінше, тараптар келісімге келген, жұмаға дейін бәрі ресми түрде жариялайды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Гозтепе" 1925 жылы құрылған. Түркия чемпионы (1950), кубок (1969, 1970) және ел суперкубогының иегері (1970) деген атақтары бар.

Клуб биылғы маусымда 31 матчта 27 ұпай жинап, Түркия Суперлигасында 18-ші орында тұр.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров