Әуежай
Алматы әуежайында тыр жалаңаш жүрген ер адамды полиция ұстады


Видеодан кадр
Алматының көліктегі полиция қызметкерлері әуежайда тыр жалаңаш жүрген ер адамды ұстады.
Оқиға кеше түнде болған, деп хабарлайды Экспресс К.
Видео Telegram желісінде тарады. Одан белгісіз тыр жалаңаш адамның ұшатын жолақта емін-еркін жүргенін көруге болады. Және ол аздай темір қоршауға өрмелеп арғы бетке өткен. Оқиға кеше кешке болған.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 25 жастағы ер адам ішімдік ішкен. Оған қатысты үш бірдей әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз:
Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 440-бабы (қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және 564-бабының 4-бөлігі (әуежайлардың, аэродромдардың аумағы арқылы тиісті рұқсатсыз өту) бойынша жауапқа тартылады,
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.
Бөлісу