Қазанама

Жазушы Дулат Исабековтің жары өмірден өтті

Ержан ШАЙЖАН

Жазушы-драматург Дулат Исабековтің әйелі Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды.

Марқұм жүрек талмасынан көз жұмған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаралы хабарды ақын Қазыбек Иса өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Өткен сенбіде ғана көріп едік Дулат көкемізді Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділдің жылдық асында. Қиын болды сексенге келгенде серігінен айрылу!..Берік болыңыз көке! Алланың үкімі ғой, қайтесіз енді. Бұл да бір ауыр сынақ, мықты болыңыз! Алла сабыр берсін! Қасиетті Рамазан айында дүниеден өтіпті, жәннаттан болсын жайы деп тілейміз. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Қара орман халқыңыз бар, қалың қазағыңыз бар қайғыңызды бөлісетін, Дулат көке, бекем болыңыз! Марқұмның отбасына, асыл жары, қазақтың көрнекті қаламгері Дулат Исабековке, ұлдары мен қыздарына, туған-туыстарына, ағайындарға көңіл айтамыз, — деп жазды Қазыбек Иса.

Экспресс К ұжымы да қазаға қайғырып, марқұмның жақындарына көңіл айтады.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров