Байлар тізімі

Forbes-2022: Әлемдегі бай азаматтардың тізімінде 5 қазақстандық бар

Олжас НҰРЖАҚЫП

Владимир Ким / Тимур Құлыбаев / Болат Өтемұратов

Forbes әлемдегі миллиардерлердің жыл сайынғы тізімін жариялады. 36-шы рет шығып отырған тізімде қазақстандықтар да бар.

Биыл оған 2668 адам еніп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Forbes.com сайтындағы мәліметке сүйенсек, биыл әлемдегі байлар көшін 219 миллиард доллар қаржысымен Илон Маск бастап отыр. Ол Tesla электромобильдерінің иесі. 2021 жылы байлығы 151 миллиард доллар болған Масктің акциялары бір жылда 33 пайызға артып, 68 миллиард доллар пайдаға кенелген.

Илон Маск / ©AP/Patrick PLEULИлон Маск / ©AP/Patrick PLEUL
Илон Маск / ©AP/Patrick PLEUL

Соңғы 4 жылда бірінші орыннан түспеген АҚШ миллиардері Джефф Безос Amazon интернет-компаниясы акцияларының 3 пайызға арзандауынан екінші орынға тұрақтады. Оның байлығы 171 миллиард долларға бағаланған.

Джефф БезосДжефф Безос
Джефф Безос

Үшінші орында 158 миллиард доллар қаржысымен француз магнаты Бернар Арно тұрса, төртінші орында Билл Гейтс. Әлемдегі байлар тізімінің бестігін 118 миллиард долларымен Уоррен Баффет аяқтап отыр.

Бернар АрноБернар Арно
Бернар Арно

Жалпы, Forbes тізіміне ілінген 2668 азаматтың арасында қазақстандық 5 адам бар. Бұл бестіктің көшін кәсіпкер, магнат Владимир Ким бастап тұр. Оның байлығы 5 миллиард долларға бағаланған. 2021 жылы қаражаты 4,6 миллиард доллар еді.

Владимир КимВладимир Ким
Владимир Ким

Мұнан кейін 3,8 миллиард доллар қаражатымен Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева бар. Ақпаратқа сүйенсек, Тимур Құлыбаев 2021 жылы 2,8 миллиард доллар қаржысымен әлем көшінде 1111 орында болса, бір жыл ішінде 1 миллиард долларға байып, 778-ші орынға жайғасқан. Динара Құлыбаева да тізімде көтеріліп отыр.

Тимур ҚұлыбаевТимур Құлыбаев
Тимур Құлыбаев

Қазақстанның төртінші миллиардері — Болат Өтемұратов. Оның байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланыпты. Болат Өтемұратов 2021 жылы 3,4 миллиард долларымен 891-ші орында болған. Яғни биылғы тізімде төмендеп кетіпті.

Болат ӨтемұратовБолат Өтемұратов
Болат Өтемұратов

Ал әлем байларының тізіміне енген қазақстандықтар бестігін 2 миллиард долларымен Вячеслав Ким қорытындылады. Ол да 2021 жылы 3,3 миллиард долларымен 925-тен 1513-ші орынға төмендеген екен. Әлемнің миллиардерлері енген тізімді толықтай мына сілтемеден көре аласыздар.

Вячеслав КимВячеслав Ким
Вячеслав Ким

Сондай-ақ, Forbes тізімінде өзге елдің азаматы саналса да, кәсібін Қазақстанда дөңгелетіп отырған екі адам бар. Бірі брокерлік компаниялары бар Ресей азаматы Тимур Турлов. Байлығы 2,4 миллиард доллар. Екіншісі Михаил Ломтадзе. Грузия азаматы 1,9 миллиард доллармен 1579 орында. Ол елімізде Kaspi банкі арқылы танымал.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров