"Сорпаның ішінде түйір жоқ". Министрдің жауабы депутаттың ашуына тиді


Еділ Жаңбыршин
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа сауал қойды.
Бірақ министрдің сұраққа нақты жауап бермей, көп сөйлеп кеткені депутатқа ұнамай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Оның айтуынша, өткен айдың бір аптасында кейбір өңірлерде азық-түлік бағасының өсімі жылдық көрсеткіштің 36-47 пайызға дейінгі деңгейін көрсеткен. Статистикалық дерек бойынша, еліміздің тұрғындары табысының жартысынан көбін азық-түлік алуға жұмсайды екен.
Ал азаматтардың еңбекақысының өсу деңгейі әлеуметтік маңызы бар тамақтар бағасының өсу деңгейіне ілесе алмай отыр. Осыған байланысты елдің азық-түлік балансы әзірленді ме? Бюджет есебінен бағаны ұстап тұру мүмкін болмаса, оны қалай реттеуге болады?
Бірақ министрдің алыстан орағытып берген жауабы депутатқа ұнамай қалды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та "Бақыт Тұрлыханұлы, масканы шешу деген — ұзақ сөйлеу емес" деп айтып қалды.
Нақты үш сұрақ қойдым. Сұлтанов мырза, бірнеше жыл министр болып отырсыз? Біраз нәрсе айттыңыз, бірақ ішінде ештеңе жоқ. Сорпаның ішінде түйір жоқ,
Осыдан кейін ғана министр қысқаша жауап беруге тырысты. Оның айтуынша, Геосаяси жағдай бүкіл әлемдегі бағалардың өсуіне ықпал етіп отыр. Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылығы деректері бойынша баға 20 пайызға өскен.
Оқи отырыңыздар:
Көршілес елдерде қымбатшылық өсімі 15 пайызға жетті. Бұдан басқа геосаяси жағдайды көріп отырсыздар. Бір айдың ішінде ұлттық валютаның да бағамына тікелей әсер етті. Құбылмалылықтың салдарынан теңге 18 пайызға арзандады,
Ол азық-түлік балансы қабылданғанын айтып өтті. 2-3 жылдың ішінде 6 тауар бойынша импортқа тәуелділікті төмендетеміз деп отыр.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу