Айлық

Елімізде айлық пен зейнетақы қаншаға өсетіні белгілі болды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүгін Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйлеген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет халықтың табысын қалай арттыратынын айтты.

Оның айтуынша, арнайы бағдарламада азаматтардың кірісін көтеруге бағытталған нақты шаралар қарастырылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бюджет саласы мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін 1 миллионнан аса қызметкердің, сондай-ақ мемлекеттен қолдау алатын бизнестегі 2,8 миллион жұмысшының жалақысы көтеріледі,

— деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, биыл Үкімет әлеуметтік салаға 4 триллион теңге жұмсайды. Бұл, былтырмен салыстырғанда, 230 миллиард теңгеге артық.

Инфляция дәлізі 8-10 пайызға өзгерді. Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны қосымша 4 пайызға арттыру көзделіп отыр. Демек, биыл барлық әлеуметтік төлемдер 9 пайызға, ал ынтымақты зейнетақы 11 пайызға өседі,

— деді Үкімет басшының орынбасары.

Бұл игілікті елімізде 4,2 миллион адам көреді. Оған бюджеттен қосымша 111 миллиард теңге қарастырылған.

Біз бұған дейін халықтың жағдайын жақсарту үшін "Самұрық-Қазынада" да айлық өскенін хабарлаған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров