Ораза

Базардың ішінде жарапазан айтқан жігіттер жұртшылықты сүйсіндірді

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде бірнеше жас жігіттің жарапазан айтқан видеосы тарады.

Бейнежазба Instagram-дағы aktobe_tv04 парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан үш жігіттің қолдарына домбыра, баян, гитара ұстап, базардың ішін аралап, жарапазан айтып жүргенін көріге болады.

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,

Ораза, намазыңның несі жұмыс?

Ұстасаң оразаны жұмағында,

Жемістер шашылады уыс-уыс.

— деп әндетеді жігіттер.

Жарапазанды нақышына келтіріп орындаған жастардың әрекеті базар ішіндегілердің көңілін көтерді. Риза болған жұртшылық тиын-тебендерін жастардың қолына ұстатып жатыр. Тіпті біреулері саудасын ысырып қойып, әнді сүйсініп тыңдап тұр.

Әлеуметтік желі қолданушылары жас жігіттердің әрекетіне сүйсінді. Бірі "Жарайсың жігіттер" десе, енді бірі "Өнерлерің өрлей берсін" деп батасын берген.

Бейнежазбаның қай өңірде, қашан түсірілгені белгісіз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров