Балабақша

Нұр-Сұлтанда ерекше күтімдегі балаларды қорлаған тәрбиешілер жазаға тартыла ма?

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Нұр-Сұлтандағы “Сати” инклюзивті балабақша тәрбиешілері ерекше күтімдегі балаларға тәрбие берудің орнына оларды қорлаған. Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды.

Қазір полиция осы жекеменшік балабақшаға тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Психикасында ауытқуы бар балаларды ұрып-соққан тәрбиешілердің видеосы ғаламторда пайда болды. Онда ерекше балалардың жылап, шыңғырып жатқанын байқауға болады.

Ал тәрбиешілер онсыз да ақыл-есі дұрыс емес бүлдіршіндерді итеріп, соғып жатыр. Қоғамда резонанс туғызған бейнежазбаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіндегілер жауап берді.

Аталған дерек бойынша Байқоңыр ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде,

— дейді олар.

Балабақшаның Instagram-дағы аккаунты өшірілген. Ал баласы зардап шеккен ата-аналарға желі қолданушылары сабыр тілеп, қатал тәрбиешілерді жауапқа тартуды сұрап жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров