Спорт

"Оларға ақша жоқ". Құлағы естімейтін спортшылардың жартысы жарысқа бара алмайды

Фархат ӘБІЛОВ

Коллаж ЭК

Бразилияда өтетін XXIV Сурдлимпиадаға жолдама алған 120 спортшының 67-сі жарысқа бара алмайды.

Себебі барлығын Сурдлимпиада ойындарына апаратын қаражат қарастырылмаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Есту қабілеті бұзылған спортшылардың қазір көңіл-күйлері жоқ. Себебі жолдама алған спортшылардың жартысынан көбі Бразилияға барып, Қазақстанның намысын қорғай алмайды. Себебі спортшылардың барлығына бірдей ақша бөлінбеген.

Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің бас жаттықтырушысы Максим Рожковтың айтуынша, Спорт және дене шынықтыру комитеті осындай шешімді ешкіммен ақылдаспай, өздері қабылдаған. Тіпті спортшыларды да бас бапкермен кеңеспей таңдап алыпты.

Мені мүлдем шақырмады. Олар өздері таңдап алып отыр. Спортшылардың жағдайын бас бапкер білмегенде кім біледі? Мен аға бапкерлермен ақылдаса отырып, тізімге кімдерді қосу керектігін айтатын едім. Өйткені спортшыларды мен бұрыннан білемін ғой,

— дейді бапкер Максим Рожков.

Жарыс Бразилияда мамырдың 1-15 аралығында өтеді. Әлемдік додада Қазақстанның намысын 120 спортшы 12 спорт түрінен қорғауы керек болатын. Спортшылардың айтуынша, бұл жарысқа дайындық та қажетті деңгейде болмаған. Өйткені олар дайындалатын спорт кешенін қарапайым секіруге арналған спорттық құрал жоқ, ал қажетті дәрумендерді өз ақшаларына алып, тіпті жарыстарға бару үшін де өз қалталарынан қаржы шығарады екен.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің өкілдері Экспресс К тілшісіне осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Олар мәселенің сол баяғы қаржыға тіреліп тұрғанын айтып отыр.

Барлығына қаражат жетпейді. Сондықтан көрсеткіштеріне қарап таңдап алып, барынша бәсекелес болатындар ғана барады. Әрине, олардың дайындалатын орындары барлық талапқа сай болуы керек. 2025 жылға дейін олардың мәселесін 100% шешуді жоспарлап отырмыз,

— деді Спорт және дене шынықтыру комитетіндегілер.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров