Украина

Қазақстан соғыс салдарынан Украинамен келісім-шартты бұзды

Фархат ӘБІЛОВ

©AP/Rodrigo ABD

Украинадағы соғыс салдарынан дәрі-дәрмек шығаратын зауыттар жабылып, өндіріс тоқтаған.

Сол себепті еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Украинаның медициналық зауыттарымен келісім-шартты бұзды, деп хабарлайды Экспресс К.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаяттың айтуынша, Қазақстанға импортталатын дәрілердің 1,6 пайызы ғана Украинадан келеді.

Жыл басталғалы бері Украинадан соның 70 пайызын Қазақстанға тасымалдап үлгерді. Қазір зауыттардың барлығы жабық. Сол себепті біз келісім-шартты біржақты бұзып, дәрі-дәрмектің қалған мөлшерін басқа зауыттардан сатып алу үшін конкурс өткізіп жатырмыз,

— деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят.

Министр конкурс шілдеге дейін аяқталып, тұрғындарға қажетті дәрілер жеткізілетінін айтты.

Елімізде төрт конкурс дәрі-дәрмек хабы орналасқан. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Ақтөбеде орналасқан хабтарда арнайы қоймалар бар. Сондай-ақ министрлік дәрілердің шекті бағасын бекіткен.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров