Мөлдір Бекеева

Депутат суицид жасаған ПД қызметкері ісін Бас прокурор назарға алуын талап етті

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Жанарбек Әшімжан / Мөлдір Бекеева

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз хатшысының ісіне алаңдаушылық білдірді.

Депутат құзырлы органдардан суицид жасаған қызметкер ісін мұқият назарға алуын талап етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Мәжілісмен бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бас прокурор, ІІМ, Антикор басшылығы! Шымкентте артына үшбу хат жазып өзіне өзі қол салған ішкі істер қызметкері, журналист Мөлдір Бекееваның ісін мұқият назарларыңызға алуды талап етемін!

—деп жазды депутат.

Экспресс К бұған дейін ПД баспасөз хатшысының суицид жасағанын жазды. Ол өзінің хатында басшылықтан қысым көргенін алға тартқан.

Ақ халаттылар департамент қызметкерінің жадғдайы орташа ауыр екенін, әлі есін білмейтінін айтты.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров