Құда мен құдағиды көрпе астында аймаластыру "дәстүрі" қайдан шыққан?


Видеодан кадр
Әйел мен ер адамның құдалықта елдің көзінше құшақтасып жер төсекте жатқанын көрсететін тағы бір видео тарады. Ол желіде қызу талқыланып жатыр.
Той қонақтары мәз болып, олардың үстілеріне көрпе жабуда, деп хабарлайды Экспресс К.
Видео Instagram-дағы Shyndykz парақшасында жарияланды. Бейнежазбада құдалыққа келген қонақтар құда мен құдағидың оғаш қылығына қарап мәз болып тұр. Ал төсекте жатқан екеу бір-бірін аймалауда.
Еш қымсынбастан елдің алдында аймаласқан құда мен құдағидың бұл әрекеті желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды.
Оқи отырыңыз:
"Қазақта бұндай салт-дәстүр жоқ. Ұят-ай", "Мынау ойнас көрпе екен. Масқара", "Қызылордада, Шымкентте осындай ырым бар. Қыздың жасауын әкелген кезде құда мен құдағиды көрпеге аунатады екен",
Экспресс К бұған дейін де егде жастағы әйел мен ер адамның құдалықта құшақтасып, сүйіскенін жазды.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу