Newscorr: Оралдағы Шаған өзеніне кәріз суы құйылып жатыр

Экспресс К

Видеодан кадр

Шаған - Жайық өзенінің бір тармағы. Бастауын РФ аумағынан алатын еліміздің батысындағы ең ірі су айдындарының бірі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл өзен жыл сайын ластанып отырады, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған автор Шаған өзеніне кәріз суларының құйылып жатқанын жеткізген. Мұнда көктемде еріген қар және жауын суымен қоса қара қошқылданып кәріз суы да ағып жатыр. Тұрғындар буырқанған өзен суымен араласқан кәріз суының иісі де бірнеше шақырымды алып кеткенін айтады.

Бейнежазбада көпшілік бұл мәселеге арнайы мамандар мен құзырлы орган өкілдерінің жедел араласуын сұрап отыр.

Сондай-ақ жергілікті экологтардың пайымдауынша, лас су көршілес Ресейдің Орынбор облысынан келуі де мүмкін.

Айта кетейік, Еділ мен Жайық — Каспий теңізіне құятын басты өзендер.

Қалай болғанда да Экпресс К тілшілері бұл жағдайды басты назарда ұстайды.

"Экспресс К" порталының жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров