Абай облысы

Абай және Шығыс Қазақстан облыстары қалай бөлінетіні белгілі болды

Экспресс К

facebook

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтті.

Онда жаңадан құрылған Абай және ШҚО облыстарына қандай елді мекендер кіретіні белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Altaynews-тің жазуынша, Шығыс Қазақстан облысына енді Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха және Алтай аудандары кіретін болды.

Ал Абай облысына Семей, Курчатов қалаларымен қатар Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандары кірді.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Осылайша, ШҚО аумағы 97,8 мың шаршы метрге кішірейіп, құрамында 9 аудан мен 2 қала болады. Ал жаңадан құрылған Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метр болып, құрамына 8 аудан мен 2 қала кірмек. Енді мәслихаттың бірлескен қаулысы Үкіметке жолданады.

Біз бұған дейін Алматы облысы қалай екіге бөлінгені туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров