Роза Бағланова

Роза Бағланованың келіні: "Ене емес, анамдай жақын болды"

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Роза Бағланова/Марал Бағланова/Жеке мұрағат

Қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың жалғыз келіні Марал Бағланова енесінен өте көп өмірлік тәрбие алғанын айтады. Оның айтуынша, халықтың сүйікті әншісі отбасында жұмсақ мінезді жан болған.

Бір шаңырақта әншімен он жыл бірге тұрған Марал Бағланова Экспресс К тілшісіне енесі туралы естеліктерді айтып берді.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

© Марал Бағланова/Жеке мұрағат© Марал Бағланова/Жеке мұрағат
© Марал Бағланова/Жеке мұрағат

Экспресс К: Марал ханым, қазақтың біртуар қызы Роза Бағланованың шаңырағына келін болып түскен алғашқы сәтіңіз есіңізде ме?

Марал Бағланова: Мен 2001 жылы апаның жалғыз ұлы Тәжібай Бағлановқа тұрмысқа шығып, осы шаңыраққа келіп түстім. Сол сәт әлі есімде. Мен ол кезде 21 жаста едім. Әлі оң-солын дұрыс аңғармайтын жастамын.

Әрине, қорқыныш болды. Өзге отбасы, бұл жақтың өзінің салты бар дегендей. Бірақ апам мені келін екен деген жоқ. Бірден қызындай жақын тартты. Құшағын жайып қарсы алды. Мен де бірден үйреніп, анама еркелегендей, еркелеп жүретінмін.

Экспресс К: Енеңіздің қандай да бір өсиеті есіңізде қалды ма?

© Марал Бағланова/Жеке мұрағат© Марал Бағланова/Жеке мұрағат
© Марал Бағланова/Жеке мұрағат

Марал Бағланова: Апам — көпті көрген адам. Ол халықтың басына туған аштықты да көрген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда жүріп ән шырқаған. Ол кісінің айтқандарынан түйгенім көп болды.

Халықтың адамы болғанан кейін ең ұмытылмайтын өсиеттерінің бірі "дастарханың жиылмасын" дейтін. Яғни қонақ келсе де, келмесе де, дастарханымызды жайып қоюды талап ететін. Сол өсиеттен кейін біздің дастарханымыз әрдайым жиылған емес.

Сосын апам әзілді өте жақсы көретін. Бірақ ол кісінің қалжыңдары да тым нәзік, астарлы еді. Үйде әзілдегенде ешкімнің көңіліне тимейтін.

Экспресс К: Аты аңызға айналған апамыздың өнерін жалғастырып жүрген немерелері бар ма?

Марал Бағланова: Апа үш немересін көрді. Ең кенжеміз Үрбибіні көре алмады. Бірақ сол Үрбибі кеше Роза Бағланованың мерейтойына арналған концертте апамыз орындаған "Ерден атаның ертегісі" әнін шырқап шықты. Алғаш рет сахнада өнер көрсетті. Көпшілік тәнті болды. Композитор Ринат Гайсин келіп, батасын берді.

Ең үлкен немересі Ақерке Бағланова фортепианода ойнайды. Жұбанов атындағы университетте осы аспап бойынша мамандықты бітірді. Бірақ өнерді емес, медицинаны таңдады. Қазір дәрәгер болып істейді.

Өз басым балаларды мамандық таңдау жағынан қинамаймын. Олар өздерінің қалауымен өмір сүрсе екен деймін. Анау бол, мынау бол деп қыстаған емеспін.

Экспресс К: Роза Бағланова — майдангер әнші. Оны білмейтін адам кемде-кем. Биыл қазақтың бұлбұлының 100 жылдық мерейтойы екен. Әншінің жүріп өткен жолы мен өнері ел көлемінде қалай дәріптеліп жатыр? Балаларының көңілі тола ма?

© Марал Бағланова/Жеке мұрағат© Марал Бағланова/Жеке мұрағат
© Марал Бағланова/Жеке мұрағат

Марал Бағланова: Әрине, көңіліміз толады. Әр жерде апама арналған концерттер беріліп жатыр. Ауыл-ауылдан, еліміздің түпікр-түпкірінен көп хабаралсады. Роза Бағлановаға арналаған кеш ұйымдастырсақ деп.

Оның үстіне апамыздың кіндік қаны тамған Қызылорда облысында жақында үлкен ескерткіші ашылатын болды. Қазір заман дамыған ғой. Әлеуметтік желіде апамның атынан парақша ашып, сонда Роза Бағланова жайлы деректер салып жүремін. Мұндай біртуар тұлғалар ұмытылмауы керек.

Сұхбатыңызға рахмет. Сау болыңыз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров