Іздеу

Жаңаөзенде 8 күн бұрын жоғалып кеткен екі жасөспірім әлі табылмай жатыр

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалған қыздар 15 жаста. Олардың қайда болуы мүмкін екені жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

Із-түссіз кеткен қыздардың тағдыры жақындарын қатты алаңдатып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдасова 29 наурызда үйлерінен шыққан соң ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Фарида Рахат-4 ықшамауданында, ал Тілектес Теңге ауылында тұрады.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқанымен, әзірге одан еш нәтиже жоқ. Қыздарды сол уақыттан бері көрген куәгерлер де кездеспепті.

Аймақта бұл қыздардан бөлек тағы екі адам жоғалып кеткен. Олардың барлығын іздеуге Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров