Шоу-бизнес

Атышулы актер Сәбит Әбдіхалықов тағы да ауруханаға түсіп қалды

Лаура БИҒАЛИ

http://instagram.com/sabit_abdykalykov

Танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды.

Актер ауруханада жатқан суретін Instagram-дағы парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Сәбит Әбдіхалықовтың айтуынша, ол жүрек талмасына ұшыраған. Дәл қазір Алматы қалалық кардиология орталығында емделіп жатыр. Ол желіде дәрігерлерге алғыс айтты.

Алматы қалалық кардиология орталығының басшысына және дәрігерлеріне мың алғыс. Нағыз өз ісінің мамандары. 2016 жылы инфаркт алғанымда, олар мені аман алып қалған еді. Содан бері әлі жүрегімді емдеп келеді,

— дейді актер.

Айта кетейік, осыдан алты жыл бұрын да ақпараттық интернет-порталдар Сәбит Әбдіхалықовтың инфарктпен ауруханада жатқанын жазған болатын.

Экспресс К бұған дейін Сәбит бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваны өзі ұзатпақ болғанын жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров