Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар қасіреті туралы айтты

Экспресс К

©AP/Vasily KRESTYANINOV

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады.

Мемлекет басшысына Қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бас прокурор президентке шет елдерден активтерді қайтару ісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да мәлімет берді. Резонанс тудырып, қылмыстық жолмен шет елге шығып кеткен қаражатты анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР Президентінің баспасөз қызметіҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазіргі кезде Бас прокурордың Конституциялық Сотқа жүгіну құқығына қатысты Конституцияның 83-бабына енгізілетін түзетулер дайындалып жатыр,.Сондай-ақ "Прокуратура туралы" жаңа Конституциялық заңды әзірлеуне бастады. Салалық заңның басым бағыты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген.

Бұдан бөлек президентке азаптауларды тергеп-тексеру бойынша прокурорларға өкілеттік беруге, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қадағалау органының халықпен өзара ықпалдастығын жандандырудың маңызды екенін атап өтіп, Бас прокурорға бірқатар тапсырма берді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров