Байқоңыр

Байқоңыр үшін жылына 100 млн доллар төлеп отырған Ресей одан бас тарта ма?

Бек ТӨЛЕУОВ

facebook

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беру жайына қатысты сауалға жауап берді.

Ол Ресей Қазақстанмен бірлесіп жоспарлаған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыра беретінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Кеше Рогозин мырза ("Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин — ред) жоспар өзгермегенін мәлімдеді. Олар алда да Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеп, барлық жоспарланған ғарыш бағдарламаларын дамытатынын мәлімдеді,

— дейді Бағдат Мусин.

instagram.com/bagdatmussininstagram.com/bagdatmussin
instagram.com/bagdatmussin

Оның айтуынша, Қазақстан ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуге дайын. Алдағы аптада бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жоспарланыпты.

Соның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалық жобалар бар,

— деді министр.

Ол Ресей Байқоңырды жалға алу үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін айтты. Шарт 2050 жылға дейін ратификацияланды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров