Владимир Жириновский

Владимир Жириновский қайтыс болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Владимир Жириновский/ © ТАСС

Ресейдегі либералдық-демократиялық партияның басшысы, Думаның депутаты Владимир Жириновский 76 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Саясаткер екі айдай бұрын ауыр халде ауруханаға түскен еді, деп хабарлайды Экспресс К.

ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, депутат Владимир Жириновский қайтыс болған. Оның өмірден озғаны туралы суыт хабарды Дума төрағасы Вячеслав Володин айтты.

Еске салайық, бұған дейін ЭК Қазақстанда туған ресейлік саясаткердің ауыр халде ауруханаға түскенін жазған еді. Ол кезде коронавирусқа қарсы 8 рет вакцина алса да, өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғаны хабарланған. Кейін көптеген БАҚ оның қайтыс болғанын жазып, артынша тірі болып шыққаны да біраз қоғамда дүрлігу болған еді.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров