Түрме

Қымбатқа бағаланған Құсмұрын түрмесі тым арзанға сатылып кетті

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

© Gosreestr.kz

Колонияның бәссаудадағы бастапқы бағасы 750 миллион теңге болған.

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын колониясы 4,6 миллион теңгеге сатылып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

© Gosreestr.kz© Gosreestr.kz
© Gosreestr.kz

Бұрынғы түзеу мекемесін Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай облысындағы департаменті сатылымға шығарды.

Нысан осы уақытқа дейін екі мәрте саудаға түскен. Үшінші аукционда ғана қожайыны табылды. Әзірге оның жеке басы туралы мәлімет жоқ. Бәссауда голландиялық әдіспен, яғни бағаны төмендету тәртібімен өтті.

© Gosreestr.kz© Gosreestr.kz
© Gosreestr.kz

"Аукцион электрондық сауда алаңында өтті. Сауда-саттыққа қатысушы тұлғаларға нысан сомасының 15 пайызын, яғни 37,5 миллион теңге төлеу міндеттелді. Бәссауда барысында баға 4 миллион 670 мың 269 теңгеге дейін төмендеді", — дейді аталған департаменттің мемлекеттік мүлікті иелену бөлімінің басшысы Көбей Қасымов.

© Gosreestr.kz© Gosreestr.kz
© Gosreestr.kz

Айта кетейік, колония 60 жыл жұмыс істеп, 2021 жылы жабылған еді. Жазасын өтеушілер басқа абақтыларға жатқызылып, қызметкерлері өзге қылмыстық түзеу мекемелеріне жұмысқа орналасқан. 25,2848 гектар жерді алып жатқан түрме аумағында жиырмадан астам нысан бар. Ең ескі ғимараты 1966 жылы, ең жаңасы 2011 жылы салыныпты.

© Gosreestr.kz© Gosreestr.kz
© Gosreestr.kz

Бұған дейін Құсмұрын түрмесі саудаға шығарылғаны туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров