Тонаушылар

"Қалтамда қаруым бар". Дүкен тонаған азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Видеодан бет-ауызын тұмшалаған азаматтың дүкеншіні тонаған сәтін бастан-аяқ көруге болады. Ол сатушыны "қаруым бар" деп алдап қорқытқан сияқты.

Бұл оқиға Жаңаөзенде болған, деп хабарлайды Экспрсс К.

Бет-жүзін жасырған ер азамат дүкенге кіріп келеді. Екі қолын күртесіне салып алған ол сатушыға бірнәрсе бұйырып жатқандай көрінеді. Сәлден соң сатушы оған кассадағы ақшаларын шығарып берген. Ал бетін тұмашалаған тонаушы дүкеннің жарығын сөндіріп, сытылып кетеді.

Рахат 2. Мадина деген дүкен. Қаруым бар деп қорқытып тұр анау. Бірақ көрсеткен жоқ. Қашып бара жатыр,

дейді кадр сыртындағы дауыс

Ал полицейлер тонаушыны әлі таппаған екен.

Аталған дерек Жаңаөзен қаласы ПБ СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде,

— деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров