Владимир Жириновский

Жириновский Қазақстан жайлы қандай шатақ сөздерімен есте қалды

Олжас НҰРЖАҚЫП

©AP/Alexander ZEMLIANICHENKO

Қазақстанда туған Ресей саясаткері, Дума депутаты Владимир Жириновский көзі тірісінде қисық сөздерімен қазақстандықтардың жиі шамына тигені көпке белгілі.

Экспресс К оның жұрттың ашуын тудырған бірқатар сөздерін жинақтады.

Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келіп, кейін Масанчи көшесіндегі №25 мектепте білім алған. Содан да болар ел сынына қалған алғашқы сөздерінің бірі — дәл осы Масанчи көшесін өз атына ауыстыру туралы айтқан ұсынысы. Тіпті өзі тұрған үйді мұражай ретінде жасау қажеттігін де жеткізген болатын.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

"Қазақстан — менің кіші отаным. Сонда туып өстім. Әрине, менің құрметіме Масанчи көшесі мен өзім білім алған №25 мектепке Жириновский атын берсе қарсы емеспін. Қос қолдап құптаймын. Тіпті тұрған үйімді мұражай ретінде жасаса көптеген туристер ағылып, экономикаларыңызға оң әсерін берер еді", — деді саясаткер.

Ал мына бейнежазба — көпшіліктің ашуына қатты тиген жағдайлардың бірі. Мұнда Жириновский қазақтарды мал бағып, киіз үйде жүрген жерінен қалаға көшіріп, дамуына септескен орыстар екенін айтады. Тіпті ұлттық аспап домбыраны да мазаққа айналдырған.

Сондай-ақ, 2014 жылы Қазақстандағы қалаларды орыс отаршылары салғанын айтып, тағы ел сынына қалды.

"Қазақстан ұзақ жылдар бойы жоңғарлармен алысты. Ақырында болмағаннан кейін орыс хандығына келіп аяғына иіліп, жалбарынды. Бізді құтқарыңыз, көпке шыдамаймыз деп өтінді. Әрине, осыдан кейін орыс әскері жоңғарларды Қытай асыра қуып жіберді. Ал қазір олар өздерінше орыстарды жақтырмайды. Бәрін ұмытқан", — деп айтқан еді.

Жириновскийдің тағы бір қисық сөзі — Қазақстан деген мемлекеттің бұрын болмағаны жайлы. Ол қазақтарды көшпенді халық, өз жерінің қайда екенін нақты білмейді, қазіргі шекараны Кеңес Одағы сызып берген деп тағы бір сынға қалған еді.

Қазақстан деген мемлекет болмаған. Семей, Орал Петропавл — Ресей жері. Қазақтар көшіп жүрді. Шекараны Кеңес Одағы қолдан жасап берген,

— дейді Ресей саясаткері.

Сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде де ол өзінің ойын білдірген. "Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы әскері көмекке бармағанда, Қазақстан жоқ болар еді" деді ол.

"Қазақтар өздері көмек сұрап келді. Аман қалу үшін жиі солай істейді. Бірақ уақт өте бәрін ұмытып, ұлттық намыстары ояна қалады. Арты қақтығысқа ұласса қайта көмек сұрап келеді. Осы жолы да біздікілер уақытында көмек қолын соза білді", — деп жалғастырған еді Жириновский сөзін.

Владимир Жириновскийдің осы секілді айтқан сөздері өте көп. Еске салайық, ЭК бұған дейін Қазақстанда туған саясаткердің ауыр науқастан көз жұмғанын жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров