Мөлдір Бекеева

Өзіне қол салған баспасөз хатшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

facebook.com/moldyr.bekeeva

Шымкентте Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісіне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал оның суицидке баруына қатысты іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті айналысады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Полиция департаментіндегілер айтты. Олардың мәліметінше, қозғалған іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы негізінде тоқтатылған. Ал арыз берген қызметкерге бұл шешіммен келіспеген жағдайда азаматтық сотқа жүгіне алатыны түсіндірілді.

"ПД баспасөз қызметі басшысының суицидке бару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Қаратау ауданы полиция басқармасынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды" — делінген Полиция департаменті берген мәліметте.

Экспресс К бұған дейін боқауыз сөздер айтылған шулы аудиожазбадан соң ПД баспасөз хатшысының суицид жасағанын жазды. Ол өзінің хатында басшылықтан қысым көргенін алға тартқан.

Ақ халаттылар департамент қызметкерінің жадғдайы орташа ауыр екенін, әлі есін білмейтінін айтты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров