Әбдірәлі Бөлебай

Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай өмірден өтті

Экспресс К

Әбдірәлі Бөлебай

Телевизия және радио ардагері Әбдірәлі Бөлебай өмірден өтті.

Қаралы хабар туралы "Қазақ радиосының" әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әбдірәлі Бөлебай — 1953 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Алдымен Алматыдағы №46 қалалық кәсіптік техникалық училищені, одан кейін Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Сосын Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық телевизия және радио қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтында дәріс алған.

Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясында режиссердің көмекшісі болып бастады. Одан соң, телеарна мен радиоларда қызмет атқарды.

1996 жылы "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпаратты сараптау бағдарламасы және "Жаңалықтар" қызметінің жүргізушісі болды. 2002 жылы ҚР Президентінін телерадиокешенінде продюсер, 2004 жылы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес агенттігі қаржы полициясы баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. Қаржы полициясының полковнигі.

Ол — телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні өзгеше, шеберлігі толысқан маман. Оның оқыған телерадиохабарларынан өзгеше бір тыныс, кең ауқым, биязылық пен парасаттылық лебі есетін.

Экспресс К ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров