Бұрынғы министр Ақтоты Райымқұлова "Қазақконцертке" директор болды

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/aktotyraiymkulova

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке келді. Ол Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып тағайындалды.

Бұл ұйымды бұған дейін Жеңіс Сейдуллаұлы басқарған еді, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/aktotyraiymkulovainstagram.com/aktotyraiymkulova
instagram.com/aktotyraiymkulova

Жаңа қызметке тағайындалғанын Ақтоты Райымқұлова өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Алдағы уақытта осы концерттік ұйымның және қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесімді қосып, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес халық пен мәдениеттің арасында тікелей диалог орнатып, Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын. Жалпы, музыка өнерін халыққа қолжетімді етіп, мәдениетті насихаттап жүрген "Қазақконцерт" ұйымы мен үшін жат орта емес. Сондықтан мәдениет саласындағы ұзақ жылғы тәжірибем де, шығармашылық қабілетім де осы мақсаттың жүзеге асырылуына бағытталады", — деп жазды "Қазақконцерттің" жаңа басшысы.

Ақтоты Райымқұлова 2014-2016 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылы Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019-2022 жж. аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметтерін атқарды.

instagram.com/aktotyraiymkulovainstagram.com/aktotyraiymkulova
instagram.com/aktotyraiymkulova

58 жастағы экс-министрдің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деген атағы бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров