Өрт

Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету станциясы отқа оранды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбенің Алматы ауданы Зинченко көшесінде техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді.

Оқиға түстен кейін болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Хабар түскен бойда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу жетті. Барлығы 43 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Алайда қызыл жалын аумағы 225 шаршы метр жерді қамтып үлгерді. Өрт автокөлікті жөндейтін құралдан шыққан. Ұшқын жанғыш материалға түсіп, ол бірден шатырға тараған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров