Шахмат

Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Экспресс К

instagram.com/bibisarachess

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді.

17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған Бибісараға аталған ұйым арнайы сертификатын жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) — блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті", — делінген ресми құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицте бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров