Intel

Intel компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтатты

Экспресс К

intel.com

Америкалық ірі процессор өндіруші Intel Ресейдегі қызметін тоқтатты.

Компания наурыздың басында Ресей мен Беларуське өнімдерін жеткізуді тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Экспресс К компанияның сайтына сілтеме жасап.

Біз Ресейдегі барлық бизнес операцияны дереу тоқтаттық. Бұл Ресей мен Беларусьтегі тұтынушыларға барлық жеткізілімдерді тоқтату туралы шешімімізден кейінгісі,

— делінген компанияның сайтында.

"Intel" — 1968 жылы құрылған америкалық компания. Бұл — электрон құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлеуші ​​және өндіруші ірі компаниялардың бірі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров