Жол апаты

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Экспресс К

pixabay

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол көлік оқиғасы Екібастұз қаласынан 30 шақырым жерде Қалқаман кентінің маңында болған.

Жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Экспресс К.

"103 желісіне бүгін сағат 16:15-те шақырту келіп түсті. Бірден Қалқамандағы жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығынан екі бригада көмекке шықты. Бригада жеделдіктің 1 санаты бойынша оқиға орнына 19 минутта жетті. Зардап шеккен 5 адам", — делінген хабарламада.

1989 жылы туған алматылық азамат ЖБМТ, кеуде қуысының көгеруі мен сол жақ құлақтың жыртылуы диагонозымен және 1978 жылы туған ер адам оң жақ үшінші қабырғасының жабық сынуы диагнозымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Ал 12 жасар бала мен 1976 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Жол апатынан опат болған тағы бір адамның жеке басы анықталып жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров