KEGOC

"KEGOC" компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

Экспресс К

kegoc.kz

"KEGOC" акционерлік қоғамына ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.

Бұл туралы Экспресс К Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, "KEGOC" АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған.

"KEGOC" АҚ-на қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-ші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

Әкімшілік іс Табиғи монополияларды реттеу комитетінің пайдасына қаралған жағдайда, "KEGOC" АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады,

— делінген хабарламада.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров