Еуропалық комиссия

Еуроодақ Украинаға қару беруді жалғастырады – Жозеп Боррель

Экспресс К

pixabay

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель одақ Ресеймен тікелей қақтығысты болдырмай, Украинаға "көбірек қару беруге" дайын екенін айтты.

Бұл туралы Экспресс К Еурокомиссияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Біз Украинаны қолдауды жалғастыруымыз керек. Соғыс тезірек аяқталғанын қалаймыз,

— деді ол.

Боррель еуропалық серіктестер Украинадағы қақтығыстың тезірек тоқтағанын қалайтынын айтты.

Бұл ретте Чехия Украинаға танктер жіберілгенін растады. Чехия парламентінің Еуропалық істер жөніндегі комитеті басшысы Ондржей Бенешик Чехия Украинаға жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерін жеткізгенін айтты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров