Өрт

Алматыда мектеп ғимараты өртенді

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматыда құрылысы аяқталмаған мектеп ғимараты өртенді.

Newscorr қолданушысы құрылысы аяқталмаған ғимараттағы өрттің видеосын Экспресс К редакциясына жолдады.

Видео авторы Алматыдағы Төле-би көшесінің бойында, "Зәм-Зәм" тұрғын үй кешенінің жанындағы құрылысы аяқталмаған мектептің өртеніп жатқанын айтты.

Кадрлардан ғимараттың бірінші қабаты қызыл жалынға оранғанын көруге болады.

Өртеніп жатқан ғимараттың жанында өрт сөндірушілердің жүргені бақалады. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров