Таеквондошы Жансель Дениз әлемдік рейтингте көш бастады

Экспресс К

instagram.com/canseldenizzzz

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингіде көш басына көтерілді.

Бұл — қазақстандық таэквондо тарихындағы алғашқы жетістік, деп хабарлайды Экспресс К.

Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынды 107,94 ұпаймен ресейлік Полина Хан иеленді. Үшінші орын 105,60 ұпай алған оңтүстіккореялық Да Бин Лиге бұйырды.

Бұл жеңіске дейін Жансель Денис төртінші орында болатын.

Еске салсақ, ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында күміс медаль алып, спорттық мансабында елеулі жетістікке жетті.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров