Дәрі

Павлодарда фармацевт дәріні шатастырып, антидепрессанттан сәби уланып қалды

Экспресс К

Pixabay

Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алған.

Соның салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттан уланып қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы жазды.

"Қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезініп, құса бастайді. Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға "антидепрессанттармен улану" диагнозымен жатқызылған. Фармацевт шатасып, қала тұрғынына басқа препаратты беріп жіберіпті", — дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы (медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров