Әкім

Жамбыл облысында әкім ауысты

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Бүгін Жамбыл облысының басшысы ауысты. Аймақты 2020 жылдың ақпан айынан бері басқарып келген Бердібек Сапарбаев қызметінен кетті.

Жамбыл облысының жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Нұржан НұржігітовНұржан Нұржігітов
Нұржан Нұржігітов

Жаңа әкімді аймақ активіне премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды. Үкімет басшысы Бердібек Сапарбаевтың Әулие ата өңірінің дамуы үшін атқарған еңбегін ерекше атап өтіп, оған өз алғысын білдірді. Ал облыс активі алдында сөз алған су жаңа әкім өңір әлеуетін арттыруға барлық күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы

1967 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылық институтын "инженер механик" мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық — техникалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты

Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы, М.Горький атындағы ұжымшарда механик болып бастаған

1992–2008 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарған

2008–2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында еңбек еткен

2011–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы

2015-2018 Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

2018 жылдың ақпанынан бастап — Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

2019 жыл Байзақ ауданының әкімі

2021 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров