Аң аулау маусымы ашық. Қандай құжаттар талап етіледі?


© iStock
Еліміздің кей өңірлерінде көктемгі аңшылық маусымы басталып жатыр.
Осыған орай құқық қорғау және табиғат қорғау органдары ел азаматтарын аңшылық жасау үшін заң талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады, деп хабарлайды Экспресс К.
Мәселен, Павлодар облысында маусым 23 сәуір мен 7 мамыр аралығында ашық болады. Әуесқойларға бекітілген аңшылық алқаптарда жабайы үйрек атып, құр аулауға рұқсат беріледі. Бірақ заң қағидаларын қатаң ескеру шарт.
Оқи отырыңыз:
"Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" заңға сәйкес, қолыңызда аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, сондай-ақ атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсат беретін құжат болуы міндетті,
Сондай-ақ, саятшылық құру үшін аңшы құстың куәлігі де талап етіледі.
Экспресс К бұған дейін Каспийде заңсыз балық аулаушылар 30 миллион теңгеге жуық зиян келтіргені туралы жазған еді
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу