Бейіт

"Атамды шығарып аламын!" Бейіт басындағы баланың қылығы жұртты жылатты

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде бейіт басында атасын іздеген баланың видеосы тарады.

Бейнежазба instagram-дағы Omir_kzktar парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода бес-алты жас шамасындағы бала ер адаммен бірге бейіт басында жүр. Бала құлпытастың қасына үйілген топырақтың үстіне шығып, оны қолымен қазып жатыр.

Ер адам "Не болды Нұрдәулет? Неге қазып жатырсың?" десе, бала "атамды тауып аламын" дейді. "Қой, ата шықпайды" десе де тыңдамайды. "Атамды шығарамын", "атаны шығар", "ата" деп жыламсырап айқайлап, топырақты қаза түседі.

Атасын сағынған баланың қылығы әлеуметтік желі қолданушыларының көзіне жас үйірді. Бірі "Жаным-ауу, атаң сіздерге тілекші болып жатсын", "мен де атамды, апамды сағындым", "шығарып алуға болса әкемді шығарып алар едім" дейді. Ал енді бірі "баланы бейіт басына апаруға болмайды", "бұрын бала түгілі қатын-қалаш бармайтын, қазір бәрі өріп жүр" деп ақыл айтқан.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров