Қазақстан жаңалықтары

Атырау облысының әкімі ауысты

Фархат ӘБІЛОВ

Әкімдіңтің баспасөз қызметі

Бүгін Атырау облысына да жаңа әкім келді.

Президент жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған Серік Шапкенов тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Серік ШапкеновСерік Шапкенов
Серік Шапкенов

Серік Шапкенов еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқытушылықтан бастаған. 2001 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болды. 2002 -2012 жылдары мемлекеттік қызметте қаржы басқармасының жетекші маманынан бастап Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысына дейінгі лауазымдарды атқарды. 2012 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, тамыз айында бірінші орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың шілдесіне дейін ҚР Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымын атқарды. 2016 жылдың шілдесінде Атырау қаласының әкімі, кейін облыс әкімінің орынбасары болып, өткен жылдың қаңтарында Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрі болып тағайындалды.

primeminister.kzprimeminister.kz
primeminister.kz

Осыған дейін облысты басқарған Махамбет Досмұхамбетов "ҚазМұнайГаз" АҚ төрағасы болады деген сыбыс бар. Ол Атырау облысы әкімі болып 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған еді. Ол облысты басқарған кезде Атырауда коронавирус күшейіп, кейін бірнеше митингтер өтіп, тіпті оның үш орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Досмұхамбетовті өз еркімен отставкаға кетуге шақырғандар да болды.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров