Елші болған Ван Дамм Сталлоне, Шварценеггер және Джеки Чанды жанына тартпақ


©AP/Jacques BRINON
Актер Жан-Клод Ван Дамм АҚШ-тың Конгодағы елшісі болып тағайындалды. Енді осы жұмысын жандандыру үшін кино индустриядағы танымал әріптестері Сильвестр Сталлонені, Арнольд Шварценеггер мен Джеки Чанды және басқа да танымал адамдарды шақыруды көздеп отыр.
Аctualite.cd ақпарат агенттігінің мәліметінше, атақты актер Жан-Клод Ван Дамм Африкадағы Конго демократиялық республикасының дипломатиялық құжатын алған, деп хабарлайды Экспресс К.
Кезінде Конгоны отары еткен Бельгияда туып өскен актер енді аталған елдің экономикалық өсіміне, ауыл шаруашылығы саласының дамуына, экологиясы мен табиғатын қорғауға, инвесторлар тартуға күш салмақ.
Мен бұл мемлекетке ең алдымен тұрақтылық қажет екенін түсіндім. Әзірге саяси мәселеге араласа қоймаспын. Бірақ Президент пен оның айналасындағы билік өкілдерімен әңгіме барысында қажетті ақпараттарды толықтай білдім,
Ол сонымен қатар өз ісін жандандыру мақсатында әріптестері Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер мен Джеки Чанды, сондай-ақ, өзге де өнер жұлдыздары мен танымал спортшыларды шақыруға тырысатынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, Конго демократиялық республикасы 1960 жылға дейін Бельгияның отарында болған.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.