"Болашақ жұлдыз". Анасына арнап ән салған Қарақаттың қызы көпшілікті таңғалдырды


Видеодан кадр
Танымал әнші Қарақат Әбілдина Нұр-Сұлтандағы қымбат мейрамханалардың бірінде 44 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті.
Қарақаттың қуанышына әнші Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева сынды өнер жұлдыздары келді, деп хабарлайды Экспресс К.


Әбілдина думанды кештің қызықты сәттерін Instagram-дағы парақшасына жариялады. Тойды танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов басқарған.
Бұл кеште жұлдызды жұптың 5 жасар қызы Аяла Қыдырәлі анасына арнап Dance Monkey деген ағылшын әнін қазақ тілінде айтты.
Кішкентай бүлдіршіннің өнеріне тәнті болған желі қолданушылары оны "болашақ жұлдыз" деп жатты.
Оқи отырыңыз:
"Болашақ жұлдыз, жарқырай бер", "Анасынан озайын деп тұр". "Талабыңа нұр жаусын". "Керемет",
Дүбірлі тойға жиналған өнер иелері ән шырқап қана қоймай, бір-бірінен қалыспай би билеп жарысты. Экспресс К бұған дейін Қарақаттың тойда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты жылатқанын жазды.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу