Игорь Дужнов

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Дужнов Украинадағы соғысқа қатысқанын мойындады

Олжас НҰРЖАҚЫП

telegram

Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот отырысы жалғасуда.

Бұл жолы айыпталушы шет елдегі соғысқа қатысқанын мойындады, деп хабарлайды Экспресс К.

"Мен Донбассқа баратынымды ешкімге айтқан жоқпын. Шекарадан заңсыз өтіп, Украинадағы фашизммен күреске қатыстым. Шындығында Краснадон қаласының маңында танктер мен ұшақтар, артиллериялық қарулар қолданылған қатты шайқас болды. Новосибирскіден келген еріктілердің бірі сол майданда көз жұмып, мені жасаққа қабылдады. Тіпті маған жоғары лауазым да ұсынылды. Бірақ мен соңғы сәтте ойымды өзгертіп, елге қайта оралдым", — деді Дужнов сот отырысында.

Еске салайық, ЭК бұған дейін сот отырысында мемлекеттік айыптаушының Дужновты шет елдегі әскери әрекеттерге қатысты деген дерек қарастырылып жатқанын айтқан еді. Десе де, о баста осындай әңгіме шыққан кезде әйелі Анаид Демирчян күйеуінің Украинада соғысқанын жоққа шығарған болатын.

Айта кетейік, қандй оқиғадан кейін Дужновтың "Суть времени" сапында Донбасста ресейшіл сепаратистердің жағында соғысқаны жайында ақпарат тараған болатын. Ол кезде айыпталушының қарулы топтың құрамында жүрген суреті жария етілді.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров