Санкция

Украинадағы соғысты қолдаған Соловьевтің Италиядағы вилласын өртеп кетті

Бек ТӨЛЕУОВ

Владимир Соловьев/milano.corriere.it

Ресейлік танымал тележурналист Владимир Соловьевтің Италиядағы вилласы өртеніп кеткен.

ANSA агенттінің мәліметі бойынша, өртті сөндіру үшін дөңгелектер пайдаланылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның вилласы Италияның Ломбардия әкімшілік аймағына қарасты Комо провинциясындағы Менаджо коммунасында орналасқан.

milano.corriere.itmilano.corriere.it
milano.corriere.it

Менаджо мэрі Мишель Спадгиаридің болжамы бойынша, Соловьевтің вилласына жасалған шабуыл наразылықтың бір түрі болуы мүмкін.

Негізі, бұл демонстрациялық әрекет болуы ықтимал. Әйтеуір, ешкім зардап шеккен жоқ,

— деді Мишель Спадгиари.

Қазір полицейлер бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны тексеріп жатыр. Сонымен қатар Соловьевпен байланысып, оған қорқытып-үркіту немесе ескерту жасалған-жасалмағанын анықтауда. Италия құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасағандар тележүргізушінің барлық мүлкін тәркілеуді жоспарлаған. Өйткені оның Пианелло дель Лариодағы вилласынан да осындай тонау әрекетінің іздері табылған.

Шабуыл жасаушылар ол жерде ештеңені өртемей, қабырғаларға қызыл бояу жаққан. Онда "қанішер" және "соғысқа жол жоқ" деген жазулар бар. Бояу үй жанындағы бассейннен де табылған.

milano.corriere.itmilano.corriere.it
milano.corriere.it

Комо провинциясының префектурасында болып жатқан оқиғаларға байланысты жергілікті әкімшілік ресейлік тележүргізушінің жылжымайтын мүлкін қорғау шараларын күшейту туралы шешім қабылдады

Айтпақшы, Соловьевтің Комода үш вилласы бар. Бірақ үшеуі де бұғатталған.

Еуроодақ 24 ақпанда Соловьевке қарсы санкция салған болатын. Өйткені тележурналистің "Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер мен саясатты қолдайтыны" қатаң сынға алынған.

Наурыз айында бұл санкцияға Канада мен Ұлыбритания да қосылды. Мұндай жағдайда егер ақшалай және мүліктік активтер бар болса, оларға бұғат салынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров