Әкім
Қызылорда облысының әкімі ауысты


Әкімдіктің баспасөз қызметі
2020 жылдың көктемінен бері Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықова бүгін қызметінен кетті. Ол - облыс басқарған алғашқы әйел.
Оның орынына президент жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.


Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Мәшбекұлы 2021 жылдан бері премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Оның алдында 2013-2021 жылдар аралығында ұзақ уақыт бойы Қызылорда қаласының әкімі болды. Айта кету керек, Нұрлыбек Мәшбекұлы бүгін ғана қызметінен кеткен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.
Оқи отырыңыз:
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу