Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы суицид жасаған ПД баспасөз хатшысына қатысты пікір білдірді

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Мәулен Әшімбаев / Мөлдір Бекеева

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев өз өмірін өзі қимақ болған Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысына қатысты пікір білдірді.

Мәулен Әшімбаев өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу дерегін құқық қорғау органдары бүге-шүгесіне дейін анықтауы керектігін алға тартты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерден көрдім. Бірақ детальдарын бімеймін. Егер де шынымен қысым көрсетіліп, заңсыз дүниелер орын алатын болса, соны жасаған адамдарды жауапкершілікке тартуға болатын шығар. Ондай құқықтық негіздер бар. Әрине, маған бұл оқиға бойынша детальдарын айту қиын. Осындай жағдайға қалай жетті? Қарындасымыз неге олай жасады? Кім қысым көрсетті? Заңсыз нәрселер болды ма? Енді оның бәрін құқық қорғау органдары анықтауы керек", — деді Мәулен Әшімбаев

Сенат спикерінің пікірінше, баспасөз хатшысының мұндай қадамға баруы жайдан жай емес.

Меніңше, бұл жерде тиісті құқықтық негіз бар. Өйткені суицид жасауға шешім қабылдап, хат жазып кеткен... Осындай деректер болғандықтан тергеу жүргізіп, тиісті адамдарды жауапқа тартуға мүмкіндіктер бар,

— деді Сенат төрағасы.

Экспресс К бұған дейін боқауыз сөздер айтылған шулы аудиожазбадан соң ПД баспасөз хатшысының суицид жасағанын жазды. Ол өзінің хатында басшылықтан қысым көргенін алға тартқан және жұмыстан кеткен күні өмірімен қош айтыспақ болған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров