Тарих

Сүйегі жат жерде жатқан ұлы қазақтар туралы не білеміз?

Ержан ШАЙЖАН

Коллаж ЭК

Қазақ жерінде кіндік қаны тамып, бірақ топырақ жат жұрттан бұйырған бабаларымыз жетерлік. Олардың арасында танымал би, батырдан бастап, ғалымға дейін бар.

Экспресс К қазақтан шыққан ұлы тұлғалардың қайда жерленгенін зерттеп көрді.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Әбу Насыр әл-ФарабиӘбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр әл-Фараби

Әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар шаһарында туған. Ол — Платон мен Аристотельдің еңбектерін терең зерттеп, кітап жазған ұлы ұстаз. Сондықтан болар, оның есімі орта ғасырларда Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" деген лақап атпен аталды. Зираты Сирия астанасы — Дамаск қаласында орналасқан.

Сұлтан Бейбарыс (1223-1277)

Сұлтан БейбарысСұлтан Бейбарыс
Сұлтан Бейбарыс

Мысырды билеген Сұлтан Бейбарыс 1223 жылы қазіргі Атырау облысы аумағында дүниеге келген. Кіші жүздің беріш руынан тараған. Жастайынан құлдыққа сатылып кеткен ол асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтеріліп, 17 жыл Мысырды басқарды. Ол да Дамаскідегі Баб-әл-Барид мазарында жерленген. Атырауда Бейбарыстың еңселі ескерткіші бар.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551)

Мұхаммед Хайдар ДулатиМұхаммед Хайдар Дулати
Мұхаммед Хайдар Дулати

Атақты тарихшы, әйгілі "Тарих-и Рашиди" кітабының авторы Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Оңтүстік Қазақстан аумағында дүниеге келген. Руы — Дулат. Ол ғылым мен мәдениеттен бөлек батыл жауынгер әрі тәжірибелі қолбасшы да болған. Оның денесі Үндістанның Кашмир қаласында жерленген. Таразда Мұхаммед Хайдар Дулатидің ескерткіші бар.

Төле би (1663-1756)

Төле биТөле би
Төле би

Қазақтың төбе биі болған Төле би 1663 жылы Шу өңірінде дүниеге келген. Ұлы жүздегі Дулаттың ішіндегі жаныстан тарайды. Тарихи деректерде атақты Абылай ханның тұлға болып қалыптасуына көп еңбек сіңірген. Ақын, шешен, дипломат, қоғам қайраткерінің зираты Ташкентте орналасқан.

Әйтеке би (1644-1700)

Әйтеке биӘйтеке би
Әйтеке би

Қазақтың үш биінің кішісі Әйтеке 1644 жылы дүниеге келген. Кіші жүздің Әлім руынан тарайды. "Жеті жарғы" заңдарын жетілдіруге қомақты үлес қосқан тұлға. Оның зираты Өзбекстандағы Науаи облысында орналасқан. Қазақтың үш биіне еліміздің бірнеше өңірінде ескерткіштер қойылған.

Кенесары хан (1802-1847)

Кенесары ханКенесары хан
Кенесары хан

Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Мемлекет қайраткері әрі әскери қолбасшы болған ол 1837-1847 жылдардағы Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан. Хан қырғыздың Майтөбе деген жерінде қаза тапты. Ал басы Санк-Петербургте Эрмитажда сақталған.

Оспан батыр (1899-1951)

Оспан батырОспан батыр
Оспан батыр

Атақты Оспан батыр 1899 жылы Алтай өңірінде дүниеге келген. Руы — Керей. Шығыс Түркістан халқының тәуелсіздігі үшін қытайларға қарсы күрескен қазақ халқының көрнекті тұлғасы. Батырдың зираты Қытайдағы Іле Қазақ автономиялық облысында орналасқан.

Әлихан Бөкейханов (1866-1937)

Әлихан БөкейхнаовӘлихан Бөкейхнаов
Әлихан Бөкейхнаов

Алаш автономиясы үкіметінің төрағасы, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Мәскеуде жерленген.

Мұстафа Шоқай (1890-1941)

Мұстафа ШоқайМұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай

Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр өңіріндегі Сұлу төбе ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының болашағы үшін басын бәйгеге тіккен ұлы күрескер. Мұстафа кезінде орыс, неміс, ағылшын, француз, түрік, өзбек тілдерінде еркін сөйлеген. Зираты Германия астанасы — Берлинде орналасқан.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров